«Бір ел – бір кітап 2023» республикалық акциясы » Жетісу облысы Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ақын Сара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бір ел – бір кітап 2023» республикалық акциясы
01
май
2023

«Бір ел – бір кітап 2023» республикалық акциясы

«Бір ел – бір кітап 2023» республикалық акциясы

        Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде.  Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он жетінші мәрте ұйымдастырылуда.

         Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларын оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

   2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

          Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы қалың оқырмандарға да әдеби ортағада кеңінен танымал. Оның талантының ерекше екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Төлен жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілдерінен шығып, ел құрметіне бөленді.

Жазушы Төлен Әбдікұлы 1942 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Айса Нұрманов шаруашылығына қарасты Көлқамыс ауылында дүниеге келген.

1960 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Университетті аяқтаған соң, «Қазақстан пионері», «Жалын» альманахының редакцияларында қызмет жасады.

1977 жылы «Қазақфильм» киностудиясының редакция коллегиясының бас редакторы болып тағайындалды.

1979-1989 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің мәдениет бөлімі нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болды.

1989-1991 жылдары «Қазақ  әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып тағайындалды.

1994 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың басқаруымен ҚР Президентінің мәдениет саласындағы көмекшісі болып тағайындалды.1997 жылдан күні бүгінге дейін Төлен Әбдікұлы Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етеді. 1973 жылдан бері Жазушылар одағының мүшесі. Оқырманын ойға жетелейтін, дүние сырына тереңірек үңілдіретін, шығармаларын қазақ баласы сүйініп оқитын жазушының қаламынан «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1980), «Оң қол» (2002) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өлара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987) романдары таңдамалы шығармаларының екі томдығы (1992) жарық көрді.«Біз үшеу едік» атты қойылымы республика театрларында үздіксіз жүріп жатыр. Кинодраматургия саласында да атсалысып, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесті бойынша «Өтелмеген парыз», «Белгісіз ұлдың тағдыры» атты көркем фильмдердің сценарийлерін дайындады. Шығармалары бірнеше шет тілдеріне аударылып орыс тілінде «Истина» атты кітабы екі рет басылып шықты. Т. Әбдіков грек аңыздары «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).Қаламгер кино өнері мен театр өнеріне де өзіндік үлес қосқан, онда да айтарлықтай табысқа жетті.Төлен Әбдікұлы – іскер, ізденісі мол қоғам қайраткері. Еліміздің егемендігін бекітіп, тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге үлкен қоғамдық үлес қосып қоғамдық қызметтер атқарып келеді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив